Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы

 

2022 жылғы 14 қыркүйекте Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтіп, сессия жұмысында 21 мәселе қаралды.

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы, облыс әкімдігінің мүшелері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат хатшылары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық сайлау  комиссиясының төрағасы, облыстық қоғамдық ұйымдар төрағалары,         сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізді.

Сессияда Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі басқарма басшысы Ә.Қойлыбаевтың есебі, облыстық жер қатынастары басқармасының ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жерлерге  жүргізілген  түгендеу жұмыстары бойынша басқарма басшысы Е.Тілегеннің есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі                      «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 100 510,7 млн. теңге, кредиттер 6 479,5 млн. теңге, облыстық бюджеттің көлемі 4, 3 млрд. теңгеге ұлғаюда екендігін атап өтті.

Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы                               24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралып, бұл жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады.

Сондай-ақ, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялар мен кеңестердің құрамына өзгерістер енгізілді.

Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары 21 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Өз кезегінде облыс әкімі Д.Сатыбалды сессия жұмысын қорытындылап, бірқатар азаматтарды  облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Түркістан облысының Құрмет Грамотасымен, «Үздік депутат» төсбелгісімен марапаттады.