Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы

2022 жылғы 18 қарашада Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті.

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізді.

Сессия жұмысында келесідей маңызды мәселелер қаралды:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі 17/220-VII «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессияда бюджет мәселесі бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Әбдіразақұлы Қайыпбек баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2022 жылға арналған облыстық бюджет көлемі 102,9 млн.теңгеге артып, жалпы көлемі 1 240, 2 млрд.теңгені құрағандығын атап өтті.

Сондай-ақ, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісім беріліп, жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.

Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Өз кезегінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды сессия жұмысын қорытындылай отырып, мәслихат жұмысына табыстар тіледі.