Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         2022 жылғы 14 қыркүйекте өткен облыстық мәслихаттың кезекті он  жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы  әкімдігі  жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының  дербес құрамын  бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген комиссияның дербес құрамына:

 

Тұрмаханова Наргиза Нұрмаханқызы   – Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің   ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің аға сарапшысы, комиссия мүшесі  болып енгізілді.

Сараптау-тексеру комиссиясы (СТК)  Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кеңесу-ақылдасу органы болып табылады. СТК құжаттарды, архивтерді, архив қорларын және коллекцияларды мемлекеттік сараптау жүргізу мақсатында құрылды. СТК өз қызметінде ҚР Конституциялық Заңдарын, басқа нормативтік-құқықтық актілерді  басшылыққа алады.

СТК-ның негізгі қызметі: жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік архивтердің құжаттарын, архив қорларын және коллекцияларды Ұлттық архив қоры құрамына, сондай-ақ заңды тұлғаларды Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көзіне енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарау; мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынышты ұйымдардың типтік үлгісі істер номенклатурасын қарау; мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың құжаттау және құжаттаманы басқару бойынша ведомстволық ережелерін қарау; ҚР ұлттық игілігі объектілеріне жатуы тиіс құжаттардың тізбесін қарау; құжаттардың сақталу мерзімін белгілеу болып табылады.