Түркістан облыстық мәслихатының «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Қарау нәтижесі бойынша Түркістан облыстық мәслихатының мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына Қанаев Жарқынбек Ережепұлы – «Халык Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары сайланды.