Түркістандағы келелі кездесу

Бүгін, Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарымен және қалалық, аудандық мәслихат хатшылары мен тұрақты комиссиялар төрағаларының қатысуымен кездесу өтті.

        Аталған кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінен оның бір топ мүшелері: Б.Әйтімова, Қ.Айтаханов, С.Джаксыбеков, С.Джалмагамбетова, С.Жалыбин, М.Копеев, С.Плотников, О.Рахманбердиев, Қ.Сұлтанов, Ә.Құртаев, Ж.Турегельдинов қатысты.

Жиынды ашқан облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев  арнайы сапармен келген Сенаторлар кеңесіне алғысын жеткізе отырып, Түркістанның даму тарихы мен елдегі жүзеге асырылып жатқан реформаларға, алдағы сайлау науқандарына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Әйтімова және кеңес мүшелері Қ.Сұлтанов, М.Көпеев «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңына және елдегі оң өзгерістер мен қолға алынған бастамаларға, облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөреева шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге байланысты пікірлерін білдірді.

Жалпы, Қасиетті Ясауи кесенесінің маңында өткен кездесуде жақсы идеялар, пікірлер мен ұсыныстар айтылып, алдағы іске асырылатын жұмыстар талқыланды.