Сіздерді Қазақстан Республикасы Әділет органдарының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда еліміздегі мәні мен маңызы жағынан барлық құқықтық жүйенің бастауында тұрған ең негізгі құрылымдардың бірі – ол әділет органдары.
Сіздер мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жасау арқылы мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу, еліміздегі заңдылық қағидаттарын орнықтыру жолында аянбай жұмыс істеп келесіздер.
Заңдылық пен әділдікті, халыққа адал қызмет етуді ту етіп, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылмауы және олардың құқықтық қорғанысын қамтамасыз ету үшін еңбек етіп жүрген Сіздердің жауапкершілігі орасан зор қызметтеріңізді біз қашан да ерекше құрметтейміз және бағалаймыз.
Осындай мерекелі күні Сіздерге мықты денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, әділеттік жолындағы қызметтеріңізге мол табыстар тілеймін!

Құрметпен,
Түркістан облыстық
мәслихатының хатшысы Қ. Балабиев