Сенімді энергетика

Бүгінде еліміздегі электр энергетика саласын дамыту – басты міндеттердің бірі болып табылады.  Себебі, Қазақстан әлемде ең көп энергетиканы пайдаланатын елдердің қатарында. Сондықтан, еліміздің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты десек те болады. Бұл орайда, энергетикалық жүйені дамыту өте маңызды.

Міне осы мәселені Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сайлауалды бағдарламасында көтеріп, алдағы уақытта жасыл технологияларға баса назар аудара отырып, баламалы энергия көздерін дамытуды алға қойып отыр.

Нақтырақ айтқанда, өңдеу көлемін жылына 21 миллион тоннаға дейін ұлғайту арқылы ішкі нарықты мұнай өнімі түрлерімен қамтамасыз ету, мұнай өндіру өсіміне қарай көмірсутегі шикізатын экспорттау дәліздерін әртараптандыру, тауарлық газ ресурсын 30 млрд текше метрге дейін ұлғайту үшін жаңа газ өңдеу қуаттарын салу, елдегі газдандыруды 60 пайыздық деңгейге жеткізу, 3,7 Гвт электр түрлендіретін қуат пен жылу электр орталықтарын жаңғырту және салу, жаңартылатын энергия өндірісінің көлемін 1,5 есеге арттыру, еліміздің энергия жүйесін сақиналайтын электр беру желісінің құрылысын аяқтау көзделген.

Жалпы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған барлық түбегейлі реформалар мен бастамалар елімізді жаңа жетістіктерге жетелейтіні анық.

Сондықтан, Әділетті, Жаңа Қазақстанға дауыс берейік!