Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

2022 жылғы 14 қыркүйекте жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясы өткізіліп, күн тәртібінде «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселесі қаралды.

Аталған мәселе бойынша Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында қазіргі уақытта облыстық мәслихат шешімі мен қосымша келісімдердегі айырмашылық 4 млн. 235 мың теңгені құрайтынын, бұл ретте бюджеттен қосымша 4 235 мың теңгені қарастыру қажеттілігі жоқ екендігін айтып, тек облыстық мәслихат шешімін қосымша келісімдерге сәйкестендіру қажеттілігі туындап отырғанын түсіндіріп өтті.