Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы

2022 жылғы 17 қарашада облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, комиссия мүшелері, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Естібаев және облыстық басқарма басшылары қатысты. Отырысты бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Р.Шерімов жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне 5 мәселе енгізілді:
1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихат шешімінің жобасын талқылау;
3. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
4. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VІ «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі 17/220-VІІ «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасап, түсіндіріп өтті.
Ол өз баяндамасында 2022 жылға арналған облыстық бюджет көлемі 102,9 млн.теңгеге артып, жалпы көлемі 1 240,2 млрд.теңгені құрағандығын атап өтті. Жыл соңына дейін игерілмеу қаупі бар және мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржылар қысқартылып, бірінші кезектегі шығыстарға қайта бағытталуда.
Республикалық бюджетке кері қайтарылатын трансферттер 4,5 млрд.теңгеге азайтылды. Қысқартылған бюджет шығыстары келесідей негізгі шығыстарға қайта бағытталды. Білім саласындағы мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыруға 4,1 млрд.теңге, орта білім берудегі педагогтердің еңбекақы төлеу қорына 2 млрд.теңге жоспарланды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге сатып алынған шикізат құнын субсидиялауға 500 млн.теңге жоспарланды. Мәдениет саласындағы іс-шараларға 55,5 млн.теңге жоспарланды.

Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өз сауалдарын қойып, сәйкесінше облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен қорытындысы қабылданды.