Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2022 жылғы 18 қарашада облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, комиссия мүшелері, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов және облыстық басқарма басшылары қатысты. Отырысты бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Р.Шерімов жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне 2 мәселе енгізіліп, қаралды:
1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасап, ол өз баяндамасында 2022 жылға арналған облыстық бюджет көлемі 102,9 млн.теңгеге артып, жалпы көлемі 1 240,2 млрд.теңгені құрағандығын атап өтті. Сонымен қатар, республикалық бюджетке кері қайтарылатын трансферттер 4,5 млрд.теңгеге азайтылғанын жеткізді. Күн тәртібіндегі «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова баяндама жасады.
Жиын соңында депутаттар аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІІ сессия қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.