Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2022 жылғы 13 қыркүйекте облыстық  мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару  жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары А. Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның отырысын К.Әуен жүргізді.

Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  8. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.

         Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.