Облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

2022 жылғы 12 қыркүйек күні облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті. Мәжіліске облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов жүргізді.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Облыстық жер қатынастары басқармасының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының барысы туралы;
2. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
5. Түркістан облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы;
6. Түркістан облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы;
7. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы №53/548-VII «Түркістан облысы елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы» және 2021 жылғы 4 ақпандағы № 2/13-VII «Түркістан облысы елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.