Облыстық мәслихаттың Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2022 жылғы 13 қыркүйек күні бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, комиссия мүшелері және облыстық басқарма басшылары қатысты.
Отырысты комиссия төрағасы Р.Шерімов жүргізіп отырды. Күн тәртібіне 2 мәселе енгізілді.
1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады.
Аталған мәселелер бойынша комиссия мүшелері өз сауалдарын қойып, сессия қарауына енгізу туралы комиссия қорытындысы қабылданды.