Облыстық жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 18 қараша күні өткен кезектен тыс он сегізінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №17/220-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, аталған шешіммен комиссияның дербес құрамына келесідей өзгерістер енгізілді.

Комиссияның құрамына Кенжеханұлы Ермек – Түркістан облысы әкімінің орынбасары комиссия төрағасы болып енгізіліп, көрсетілген комиссияның құрамынан Ұ.Қ.Тәжібаев шығарылды.