ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы           №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес  Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 31 тамызда сағат 11:00-де Конгресс-холл ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Конгресс-холл, үлкен залда.

Депутаттарды  тіркеу  31 тамызда сағат 09:30-дан бастап Конгресс-холл фойесінде жүргізіледі.

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Түркістан облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар жиналысының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

 

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                                                             Қ. Балабиев