Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2022 жылғы 12 қыркүйек күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы А.Орман жүргізді.
Отырыстың күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:
1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/410-VI «Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
4. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау нәтижесі бойынша тұрақты комиссия аталған мәселелерді сессия қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.