Ел қауіпсіздігі – Тәуелсіздік тұмары

Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез-келген мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысы мен тұтастығын, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әскеріміз айбынды, қорғанысымыз қуатты болған жағдайда ғана мүмкін.

Сол себептен де ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдағы жеті жылға арналған Сайлауалды бағдарламасында еліміздің тәуелсіздігін, тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді – барлық азаматтың қасиетті борышы, Қарулы Күштеріміз бен сыртқы саясатымыздың басты міндеті ретінде айқын басымдық етіп белгілеп отыр.

Осы мақсатта мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:

ұлттық мүддені мүлтіксіз қорғауға, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін дамытуға бағытталған теңгерімді сыртқы саясат жүргізілетін болады;

Қазақстанның БҰҰ аясындағы халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға қосатын үлесі арта түседі;

еліміздің әскери қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сын-тегеурінге сай әрекет ете алатын озық қару-жарақ, басқару жүйесімен жабдықталған жоғары технологиялық және ұтқыр әскер құру ісі жалғасады;

қазіргі заманғы технологиялар трансферті мен өндірістің жоғары шоғырлануын ескере отырып, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту бойынша шаралар қабылданады;

әскери білім беру жүйесін жетілдіру жүргізіледі, ол кәсіби әскери кадр даярлауға бағытталады, сондай-ақ әскери ғылымның деңгейі көтеріледі;

әскери қызметтің беделі, әскери қызметші мәртебесі, Қазақстан армиясының абыройы арттыру шаралары қабылданады;

жастарды Қазақстан халқына адалдық рухындағы патриоттыққа,  Отанды қорғау әскери борышын бұлжытпай орындауға тәрбиелеудің жаңа тәсілі енгізіледі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізді соңғы үш жылда тап болған қиындықтардың бәрінен аман алып шықты. Сын сағаттарда ол дайым халқының жанынан табылып, еліміздің қорғаны да, демеушісі де, медеті де бола білді. Соның арқасында ол халықтың сенімі мен ықыласына ие болды. Оның Әділетті Қазақстан құру жөніндегі идеялары мен алдағы жеті жылға белгілеп отырған нақты міндеттері – әрбір қазақстандық азаматқа жайлы, әділетті өмір қалыптастыруға бағытталған. Мен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беремін, себебі ол – ел қауіпсіздігі мен бірлігінің сенімді кепілі.