Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы және орнықты ауыл

Ауыл шаруашылығы – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды салалардың бірі.

Сондықтан,  Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналдыруды – басты басымдықтардың бірі ретінде айқындап отыр.

Осы мақсатта алдағы уақытта  ауыл-аймақты өркендету үшін ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту,  ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру сынды  жұмыстар жандандырылатын болады.

Сонымен қатар, ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, шағын несие алу және ірі қаладағы өткізу нарығына қол жеткізу үшін жеңілдіктер беру, суару алаңын екі есе арттырып, оны кемінде 2,2 млн гектарға дейін жеткізу, 3,5 мың шақырым суару каналдарын қайта жөндеу, 4 текше шақырым суды жинақтауға мүмкіндік беретін  жаңа 25 су қоймасын салу, қолданыстағы 16 су қоймасын жөндеу сынды жұмыстар іске асырылады.

Жалпы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сайлауалды бағдарламасы әрбір қазақстандыққа жайлы, әділетті өмір қалыптастыру миссиясынан туындап отырғаны айқын. Сондықтан, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне бірігуге, халық болып, ұлт болып ұйысуға шақырамын.