Білім саласы қызметкерлерімен кездесу

Баршаңыз білетіндей, ағымдағы жылғы 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған орай, бүгінде өңірімізде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат            Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылып, мен осы штаб төрағасының орынбасары болып бекітілдім. Жалпы, штабтың құрамына 65 адам, яғни облысқа танымал тұлғалар, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар еніп отыр.

Қазіргі таңда облыстық қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіруде.

Осы мақсатта бүгін штаб мүшелерімен Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектепте білім саласының қызметкерлерімен кездестік.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, ондағы білім саласына қатысты іске асырылатын реформалармен таныстырдық.

Әсіресе, педагогтерді ерекше функциялар мен тексерулерден босату, педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, педагогтің кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізу, оқу орындарындағы білім сапасын арттыру, 2025 жылға қарай жастарды қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамту бойынша қолға алынатын бастамаларға тоқталып өттік.