Ашық көлік дәліздері және логистика

Экономикалық интеграция дәуірінде ел мен ел, құрлық пен құрлық арасындағы тауар алмасу мен сауда-саттық байланыстарының маңызы артып отыр. Алпауыт мемлекеттер тарапынан Қазақстанның транзиттік тасымалдау әлеуетіне деген қызығушылық артып отыр. Өйткені, еліміздің қолайлы жағырапиялық орналасуы дүниежүзі елдері арасындағы сауда-саттық айналымына да ықпал етуге жол ашып отыр. Транзиттік әлеуетімізді толық пайдалану үшін көлік дәліздері кеңейтіліп, логистиканы дамыту қолға алынады. Бұл экономикалық табысқа жетудің де жолы болмақ.

Қазақстан экономикасы көлік дәліздерін кеңейтуді қажет етеді. Бұрыннан бар жаһандық тауар жеткізу жүйесінің бұзылуы елдің болашақ транзиттік мүмкіндігін күшейтті. Жаңа сапалы жолдар, қоймалар салынып, айлақтардың әлеуеті артатын болады, сала локомотивтермен, жүк көлігімен, контейнерлермен қамтамасыз етіледі.

Мемлекет транзиттік дәліздердің жүк айналымы мен өткізу қабілетін арттырады. Сол арқылы ел экономикасына мол инвестиция тартуға тың серпін береледі.

Осы мақсатта транзиттік және экспорттық мүмкіндікті әртараптандыру үшін Транскаспий халықаралық бағыты негізгі байланыстырушы буынға айналады. Теңіз порттары мен флот нығайтылып, Каспий теңізінде заманауи контейнерлік хаб құрылатын болады. Ресей, Қытай, Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен шекара маңында сауда-экономикалық орталықтар желісін ашалады. Отандық өндіруші мен экспорттаушыға бірдей қолжетімді, транзиттік тасымал үшін бірыңғай цифрлық жасыл дәліз құрылады. Ұшақ билетінің бағасын төмендету үшін әуе нарығында нақты бәсекелестік құрылады. 11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді. «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісі, Алматының айналма тармағы, Қытаймен «Бақты» теміржол өткелі іске қосылатын болады.